Осындай тақырыпта Баянауыл көпсалалы колледж студенттерімен кездесу өтті. Шара барысында жастарға ғасыр індетіне айналған нашақорлықтан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуге аудандық прокуратура бастығының орынбасары Сұңғат Жұмагелдіұлы мен жастар орталығының директоры Ринат Қуатжанұлы арнайы қатысып, студенттерге ақыл-кеңестерін айтты. Олар нашақорлық ауыр дерт екенін, есірткінің адам өміріне тигізер зияны мен қаупін ұғындырды. Сондай-ақ, лудомания, буллинг тақырыптары жайлы да сөз етіп, жастарды жаман әдет, жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Өкінішке қарай, кейінгі жылдары елде жастар мен кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың өскені байқалады. Оған тосқауыл қою үшін әрбір білім беру мекемесінде осындай іс-шараларды көбірек өткізген жөн, дейді мамандар.

Н.ШОДЫР.