Жақында Галицкое елді мекенінде балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Нұрболат Мақашевтің айтуынша, соңғы жылдары бұқаралық спортты дамыту бағытында аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылдың басынан бері бірқатар елді мекенде заманауи спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
— Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен бонустық трансферт шеңберінде ағымдағы жылы шекара маңында орналасқан Галицкое ауылында балаларға арналған ойын алаңын салу үшін қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта бұл жоба толықтай аяқталды. Алаңда балалар ойын алаңы мен спорт кешендерінің элементтері орналасқан. Сонымен қатар, балалар қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында жер жабыны және ата-аналар демалып отыруға арналған орындықтармен қамтамасыз етілген, — деді аудан әкімі.
А.МҰҚЫШЕВ.