Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің мамандары 9-сынып бітірген оқушыларды мамандық бойынша дұрыс таңдау жасауға шақырды. Оқу ордасының қызметкерлері колледждегі әр сала бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, балаларды ауыл шаруашылығы техникаларымен де таныс-тырды.

Екі аптаға созылған шара аясында «Аспаз» мамандығы бойынша сабақ беретін ұстаздар кондитерлік өнімдерді дайындады. Ұннан дайындалатын нан-тоқаш өнімдерін әзірлеп, келушілерге ұсынды. Сонымен қатар, колледж қызметкерлері ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуден өткізудің қыр-сырын көрсетті. Жеңіл автокөліктің құрал-саймандарынан айырмашылығын ажыратты. Мамандар 9-сынып оқушыларына  МТЗ-80 тракторында жүру ережесін  үйретті. Балалар арасында мамандық таңдау бойынша сауалнама да жүргізілді. Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, мамандарға сұрақтарын қойды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.