Сауаттылықты арттыруға бағытталды

Ақп 12, 2026

Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық аймақтарда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түрлі іс-шара өтуде. Таяуда сондай шаралардың бірі Ақсу ферроқорытпа зауытында өтті.

Ақсу қаласының прокуратурасы, еңбек инспекциясы және полиция өкілдері шаһардың негізгі қала құраушы кәсіпорны –
Ақсу ферроқорытпа зауытына арнайы барып, көшпелі акция ұйымдастырды. Соның барысында зауыт қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша тегін жеке кеңес берілді. Кәсіпорын жұмысшылары алаяқтықтың алдын алу, шоттардың бұғатталуын алып тастау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сауалдарын қойды.

Сонымен қатар, құзырлы орган мен мемлекеттік мекеме өкілдері әдеттегі өндірістік жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін түсіндірді. Бүгінгі таңда жиі таралатын қауіп — алаяқтық, есірткі қылмысы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ұсыныстар да берді.

Мамандардың сөзінше, акция азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылықты нығайтуға және еңбек ұжымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Өз тілшіміз.

Ақсу қаласы.