Саябақта — санитарлық тазалық

Қар 27, 2025

Қоршаған ортаның тазалығына әркім жауапты екенін бүгінде жиі айтамыз. Оны іспен дәлелдеп жүргендер де баршылық. Мәселен, тереңкөлдік белсенділер «Таza  бейсенбі» экологиялық марафонын ұйымдастырып, бір көше бойын күл-қоқыстан тазартып шықты.

Игі іске «Жастар рухы» белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Taza Qazaqstan» республикалық акциясына осылайша үн қосуды жөн көрген. Олар аудан орталығындағы Ахметқали Тезекбаев көшесіндегі саябақ аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізген. Марафонға қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, жаяу жүргіншілер аймағын ретке келтірген.

Іс-шара арқылы ұйымдастырушылар ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту ғана емес, сондай-ақ, тұрғындарды тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыруды мақсат еткен.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Тереңкөл ауданы.