Экологиялық тазалықты сақтау және табиғатты қорғау мақсатында басталған «Таза Қазақстан» акциясы Май ауданында жалғасуда. Игі бастама ауданның барлық ауылында кезең-кезеңімен өтіп жатыр.
Май ауданының Көктөбе, Жалтыр, Саты және Майтүбек елді мекендерінде ұйымдастырылған игі іске әр саланың қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға және ауылдың көр-кеюіне өз үлестерін қосып, көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтар мен өзен-көл маңын қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы табиғатты аялауға, тұрғындардың эколо-гиялық мәдениетін арттыруға және туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған. Алдағы уақытта мұндай сенбіліктер басқа ауылдарда да жалғасын табады.
А.БОРАНБАЕВА.