Эколог және дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Ертіс өзені жағалауында сенбілік өткізілді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындарымен қатар мекеме ұжымдары қатысты.
Май ауылдық округіндегі тазалық жұмыстары аясында Абылайхан көшесінде орналасқан «Белгісіз солдат» ескерткіші мен «Аналар саябағы», Бекішев көшесіндегі зират аумағында тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Май ауылдық округінде дүниеге келген азаматтар мен ауыл тұрғындарының демеушілік көмегімен жиналған қаражат есебінен аталған нысаналар аумағында 300 дана ағаш көшеті (қараағаш, аққайың, терек, шырша көшеттері), «Белгісіз солдат» ескерткіші аумағында гүл отырғызылды.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.