«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Қараоба ауылын-дағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Жуырда мекеменің салтанатты ашылуы өтті.
Кешен барлық заманауи стандарт бойынша салынып, ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға барынша қолайлы жағдай жасайды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені галереямен байланысқан 2 блоктан тұрады, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Арнайы бөлмелер қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілген. Нысан ауласында воркаут, баскетбол алаңы бар. Құрылыс жұмыстарын «AA-Bulding» мердігерлік ұйымы атқарды.
Спорт ғимараты оқу-жаттығу процесінің ерекшелігін ескере отырып салынған. Онда 92 мектеп оқушысы жаттығатын болады. Оқу-жаттығу процесіне футболдан, еркін күрестен БЖСМ тәрбиеленушілері, сондай-ақ спортпен шұғылданғысы келетін жандар қатыспақ.
А.БОРАНБАЕВА.