Ауыл шаруашылығын дамыту және агроөндірістің тиімділігін арттыру мақсатында Ақтоғай ауданында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Соның бірі – «G-AGRO PV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жалпы аумағы 861 гектарды құрайтын суармалы жерге инженерлік желілер салу жобасы. Аталған жобаға 2,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жоба аясында 5 тұрақты және 5 маусымдық жұмыс орны құрылды. Қазіргі таңда жобаны іске асыру жұмыстары іс жүзінде 100 пайызға аяқталды. Суды пайдалануға тиісті рұқсат алынған. Кернеуі 10 кВ және 35 кВ электр беру желілерін төсеу толық аяқталып, су құбырлары түгелдей жүргізілді.
Сондай-ақ, «Agro Terra» ЖШС суармалы алқаптардың ауданын 270 гектардан 1078 гектарға дейін ұлғайту мақсатында су тарту және су беру инфрақұрылымын кеңейту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда 15 тұрақты және 80 маусымдық жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Ақтоғай ауданы.
