Суармалы алқап кеңейді

Қаз 23, 2025

Май ауданында суармалы алқаптарды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асуда. Жыл соңына дейін тағы бір жоба аяқталмақ.

Бүгінде аудан көлемінде 1270 гектар суармалы жер бар. Оның ішінде 595 гектардан картоп, 40 гектардан сәбіз, 420 гектардан арпа, 80 гектардан бидай және 135 гектардан жоңышқа жиналады. Таяуда аудан басшысы Қадылжан Сәтиев өсімдік шаруашылығын дамытып отырған Ақжар, Майтүбек және Көктөбе ауылдарына барып, күзгі дала жұмыстарының барысымен танысты.

— Биыл суармалы жерлерді дамыту бойынша 2 жоба іске қосылды. Атап айтқанда, «ҚазСуШар» РМК арқылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы аяқталып, «Май Агро-М» ЖШС 1 200 гектар жерді игеруге кірісті. Сол сияқты «Бағдат» шаруа қожалығына 154 гектар суармалы жерді пайдалануға беру актісі ресімделді. Жыл соңына дейін «MY Feedlot» серік-тестігіне 4500 гектар суармалы жер қарастырылмақ, — деді Қ.Сәтиев.

Сонымен қатар, Майтүбек ауылында көкөніс сақтау қоймасын 8500 тоннадан 15500 тоннаға дейін кеңейту жоспар-ланып отыр.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Май ауданы.