Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары су айдындарының түбін зерттеп, қоғамдық құтқарушыларды арнайы оқудан өткізуде. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары мен қонақтары Ертіс ауылындағы орталық жағажайда демалуда.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Бегендік Омаровтың сөзінше, полиция, білім беру бөлімі, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су айдындарында рейдтік шаралар жүргізілуде. Шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындарға жадынамалар таратылады. Суға түсуге қауіпті орындарға тыйым салынатын белгілер орнатылды. Құтқарушылар рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу керектігін ескертеді.
— Аудан бойынша орталық жағажайда екі демалыс орны бар. Оның бірі —
коммуналдық, екіншісі — жекеменшік. Шомылу маусымы ресми түрде ашылды. Келесі жылы тағы бір су айдынын ашу жоспарда бар. Өткен жылы және биыл суға кету фактісі тіркелмеді. Шомылуға тыйым салынған жерлерге арнайы белгі орнатылды. Құтқарушылар жағдайды бақылауда ұстауда, — дейді ол.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.