Аудан әкімі Дидар Ибраев «ҚазСуШар» РМК және «Қ.Сәтбаев атындағы су арнасы» РМК облыстық филиалдарының басшыларымен Ертіс-Успен су арнасын қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы бойынша кездесті.
Айта кетейік, аудан әкімі бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында және ағымдағы жылдың наурыз айында жер пайдаланушылардың, яғни болашақ каналдың су тұтынушылардың қатысуымен арнаның құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстарының барысын және арнаны іске қосуға дайындықты жеке бақылауында ұстайтынын айтқан аудан басшысы аталмыш жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.
— Кездесу барысында белгіленген мерзімдерге сәйкес үшінші аванкамераға уақытша тәсім бойынша су жоспарланғандай 25 сәуірге дейін берілетініне көз жеткіздік. Бұл бірінші кезеңде қосымша 1300 гектар алқапты суаруға мүмкіндік береді. Осы учаскені нақты пайдалануға беруді маусым айында жоспарлап отырмыз, содан кейін 4 және одан кейінгі аванкамераларда жұмыстар жалғасады, — деді аудан әкімі.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.