Вознесенка ауылының тұрғындары тарапынан су құбыры құрылысының аяқталу мерзіміне қатысты сұрақ бірнеше рет көтерілді. Аудан әкімі мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, нысанды уақытылы әрі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді жүктеді.

Аудан әкімі Нұрболат Мақашевтың айтуынша, бүгінгі күні ауылішілік желілердегі жұмыстар аяқталды, су жинау алаңында қажетті жабдықтар орнатылып, қосылды.

— Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Демалыс күндері желіні жуу және сығымдау үшін су құбыры желілеріне су жіберу жұмыс-тары жүргізілді. Вознесенка ауылында су құбырының құрылысын аяқтау мәселесі ерекше бақылауда, — деді аудан әкімі.

Орталық су құбыры төселгеннен кейін жергілікті тұрғындар оған тікелей қосыла алады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталу кезеңінде. Үйлеріне су келетін сәтті асыға күтіп жүрген ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылып, нысанның уақытылы аяқталуына қолғабыс етуде.

 А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.