Баянауыл ауылында су құбыры тартылмаған 222 үй учаскесінің құрылысы толықтай аяқталды. Бұл жөнінде аудан әкімі Ардақ Кісентаев өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Аудан басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстармен «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС айналысуда.

— Халықты сумен қамту жұмыстары аяқталу үстінде. Аудандық электр тарату компаниясымен келісімшарт жасалғаннан кейін су құбыры іске қосылады.

Жуық арада су жіберу жұмыстары басталады. Бұл туралы тұрғындарды хабардар ету ісін ауыл әкіміне тапсырдым, —
деді Ардақ Кісентаев.

Осылайша, көп кешікпей баянауылдық тұрғындар сумен толық қамтылмақ.

Н.АҚЫТЕГІ.