Сұлулық сайысы өтті

Нау 20, 2025

Кемеңгер ауылында «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Көктем аруы» сұлулық байқауы өтті. Байқауға сегіз ару қатысып, өнері мен білімнен сынға түсті.

Сұлулық сайысына Кеңес ауылдық округінен Күнсұлу Мұсай, Айсұлу Ахмет, Азиза Әбілқайырова қатысса, Шақат ауылынан Айым Қайсаринова, Заря ауылынан Амина Уахыт, Жаңа қала ауылынан Гүлнұр Дүйсембай, Кемеңгер ауылынан Жанель Закарьянова және Ольгинка ауылынан Умида Файзиева қатысып, бақ сынады. Қатысушылар қазақтың көне салт-дәстүрлерін жаңғыртып, еліміздің мәдениеті мен тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ұлттық тағам әзірлеу кезеңінде олар бауырсақ, самса, бешбармақ, сірне сияқты дәстүрлі қазақ тағамдарын дайындап, шаруаға бейім қыздар екенін де дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Гүлнұр Дүйсембай жеңіп алса, бірінші орын Күнсұлу Мұсайға бұйырды. Ал жүлделі екінші орынды Жанель Закарьянова еншілесе, үшінші орынды Айсұлу Ахмет иеленді. Барлық қатысушы естелік сыйлықтармен марапатталды.

А.МҰҚЫШЕВ.