Бүгінде ауданда өз кәсібін бастауға ниеттілердің қатары жыл санап көбейіп келе жатқаны қуантады. Мемлекеттік бағдарламалар жас кәсіпкерлердің мақсаттарына қанат бітіріп, армандарының жүзеге асуына септігін тигізуде.

Ағымдағы жылы Кемеңгер ауылының тұрғыны Гүлжан Темірғалиева 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант иегері атанды. Кәсіпкердің айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласындағы сұлулық салондарында шебер болып жұмыс істеп, өзінің жеке кәсібін ашуды мақсат тұтқан. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер сұлулық салонына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Қазіргі уақытта «Дуэт» салонында қас шебері, тырнақ жасаушы, визажист, шугаринг шебері бар. Бірақ кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Аталмыш сұлулық салонының ашылуымен ауылда төрт жаңа жұмыс орны пайда болды.

А.МҰҚЫШЕВ.