«Табиғатты бірлесіп сақтайық!»

Мам 29, 2025

Шарбақты ауданында «Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында «Табиғатты бірлесіп сақтайық!» атты экологиялық квест өтті. Оған өңірдегі мектеп оқушылары белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — балаларға табиғатты аялап, қорғау керектігін түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Экологиялық акция аясында оқушылар түрлі қойылымдар қойып, топқа бөлініп ойын ойнап, табиғатты қорғауға қатысты тапсырмаларды сәтті орындады. Сондай-ақ, олар ауқымды шараның қызықты әрі мазмұнды өткенін айтып, ұйымдастырушыларға  ризашылықтарын білдірді.

Акция соңында барлық қатысушы Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Мамандар мұндай берері мол квесттер балаларды табиғатқа жанашырлық танытуға баулитынын атап өтті.

Н.АҚЫТЕГІ.