Ауданда сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» респуб-ликалық акциясы әлі жалғасуда. Ауқымды тазалық шарасы кезінде елді мекендерде абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық нақты экономика секторы бөлімінің мәліметінше, сәуір айынан бастап тазалық жұмыстарына аудан бойынша 117 кәсіпорын мен ұйымнан жалпы саны 1316 адам қатысқан. 22 арнайы техника жұмылдырылды. Ал Ертіс ауылында 9 техника қызмет көрсетті. 150 ағаш түбі әктеліп, 150 шаршы метр жол учаскесі, 4 нысанның қасбеті жөнделді. Орталық-тағы 2 ескерткіштің маңы, үй аулалары, жер телімдері тазартылып, жалпы көлемі 110 тонна қоқыс шығарылды.
Абай ауылында — 25, И.Байзақов ауылдық округінде — 205, Қарақұдық ауылдық округінде — 53, Қоскөл ауылдық округінде — 100, Северный ауылдық округінде 50 түп ағаш отырғызылды. Елді мекендерде жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын 9 ескерткіш, стелла мен гүл-зарлардың маңы қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасы қазан айының соңына дейін жүргізілетін болады.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.