Талап-тілек ескеріледі

Ақп 5, 2026

Железин ауданында әкімдердің халықпен кездесуінде көтерілген барлық мәселелер бойынша нақты іс-қимыл жоспары әзірленген. Әрбір ұсыныс-талап ауданның мемлекеттік органдарымен бірлесе іске асырылмақ.

Аудандық әкімдіктен алған ақпаратқа сүйенсек, былтыр тұрғындармен 96 тұрақ-
ты кездесу ұйымдастырылған. Оның ішінде 30 кездесу аудан әкімінің тікелей қатысумен өткен. Бұл кездесулер барасында железиндік тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс түсіпті. Олардың
63-і ауылдық округ әкімдерінің кезде-сулерінде айтылса, 86 мәселені көпшілік аудан әкімінің қатысуымен өткен кездесуде көтерген. Кейбір сұрақтарға бірден жауап берілсе, кейбірі бақылауға алынған.

Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі ауызсу, электр, байланыс және интернет мәселелеріне қатысты болған. Азаматтарды елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық, экология алаңдататыны байқалған. Автомобиль жолдарын жөндеуге байланысты да сұрақтар үлесі басым. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тұрғын үй қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша да ұсыныс-талаптар түскен. Алдағы уақытта шешімін күткен мәселелерді жауапты органдардың белсенділігімен іске асыру көзделген.

Г.МАҒЖАН.

Железин ауданы.