Тасқынға — тосқын

Ақп 26, 2026

Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аудан басшысы Руслан Мұқанов су басу қаупі бар елді мекендерді аралап, тиісті тапсырма берді.

Руслан Берекеліұлы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың төра-ғалығымен өткен көктемгі су тасқынына дайындық жөніндегі мәжілісті берілген тапсырмаға сәйкес, Қазы ауылына барып, жағдаймен танысты. Елді мекенде қар шығару жұмыстарын күшейту міндеті жүктелді.

— Қазы ауылындағы су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыс жеке бақылауымда болады. Бұдан бөлек, елді мекен тұрғындары тарапынан түскен өтініштер негізінде ауыл әкіміне тапсырма бердім. Атап айтқанда, істен шыққан бейнебақылау камерасын қайта іске қосу және көшелерді жарықтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді, — дейді Р.Мұқанов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы.