Тас жол төселеді

Мам 22, 2025

Лесное ауылының екі көшесіне биыл асфальт төселіп, елді мекенге көрік кірмек. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан бонустық трансферт түрінде 91,6 млн теңге бөлінген.

Лесное ауылдық округінің әкімі Татьяна Кишкунованың айтуынша, қазіргі таңда мердігер құрылыс материалдарын ауылға жеткізуде. Жұмыстарды маусым айының ортасына дейін аяқтайды деп жоспарланған. Жалпы, бұл ауылда бүгінде 464 адам тұрады. 2022 жылы ауылдың негізгі көшесі асфальтталған. Тағы төрт көшеде тас жол бар деп есептеледі. Бірақ ол асфальт 1988 жылы төселген екен. Яғни, мұнда да жөндеу жүргізу қажет етіледі.

Бұдан бөлек, аталған округке қарасты Лесное және Крупское ауылдарының жалпы ұзындығы 4,5 шақырым кіреберіс жолдары да биыл жөндеу көреді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.