Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шарбақты аудандық қоғамдық кеңес мүшелері туристік нысандарға мониторинг жүргізді.
Аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Б.Қалыбаева бастаған арнайы топ алдымен Жылыбұлақ ауылдық округіне қарасты Алға ауылында орналасқан Маралды тұзды көлінің жағдайымен таныс болды. Мониторинг барысында демалыс аймағындағы жағажайлардағы санитарлық талаптар мен туристік нысандағы қауіпсіздік шараларының сақталуы, инфрақұрылымы, ұялы телефон байланысы, басқа да мәселелер жіті тексерілді. Нәтижесінде, мамандар демалыс орнының аумағы абаттандырылып, туристер үшін жайлы жағдай жасалып жатқанына көз жеткізді. Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары сақталған, электрмен жабдықтау және ұялы байланыс та ойдағыдай жұмыс істеп тұр, дейді қоғамдық кеңес өкілдері.
Н.ШОДЫР.