Облыста жылжымалы медициналық кешен аудандардағы шалғай ауылдарды аралап, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жақында сала мамандары Успен ауданындағы Константиновка және Тобылжан ауылдарына барды.
Павлодар аудандық ауруханасының салалық дәрігерлері аталмыш елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, диагностикалық тексеруден өткізді. Бұл ретте хирург, эндокринолог, гинеколог және педиатрлар ересектер мен балалардың денсаулығын тексерді. Қабылдау аясында тұрғындар рентгеннен өтіп, кейбіріне ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Успен аудандық аурухана мамандары жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен тұрғындарға қажетті мамандарды шақырған. Денсаулығын дәрігерлерге қаратқан тұрғындар Павлодар аудандық аурухана басшылығына ризашылығын білдірді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.