Екібастұз қаласында су тасқынының алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл ретте қарды шығарып, бөгеттерді бекітуге баса мән берілуде.
Шаһар басшысы Аян Бейсекин жауапты сала өкілдерімен бірге су тасқынының алдын алу шараларын пысықтап, қаланы аралады. Қаупі жоғары аймақтарды, көшелерді тексеріп, сол аумақтарға ерекше назар аударуды тапсырды. Кешенді жұмыстар атқарылып жатқанымен, әлі де көңіл аударуды талап ететін учаскелер бары анықталды.
Жалпы, осы уақытқа дейін 45 мың тонна қар қалалық полигонға шығарылды. Бұл бағытта 150 адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 100-ге жуық техника жұмылдырылды.
— Ауылдық аймардағы қауіпті учаскелерге де бардым. Су тасқынының, қарғын судың алдын алу үшін әр түрлі модификациядағы 80-нен астам техника, 20-дан астам су сору құралы, бөгеттерді дайындап, нығайтуға арналған инертті материал дайындалды, — деді шаһар басшысы.
Бұл жұмыстар қауіпті кезеңнен қиындықсыз өтуге ықпалын тигізуі тиіс. Жергілікті билік осы мәселеге айрықша назар аударып отыр.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.