Аймақ басшысы Асайын Байханов астыққа бай аудандардың бірі – Железин және өнеркәсібі өрге жүзген Тереңкөл аудандарына жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында егін жинау, ауыл шаруашылығы өндірісінің жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Тереңкөл ауданы, Қызыл таң ауылындағы мәдениет үйі және ет өндіруші компанияның жұмысымен танысты.
Биыл Железин ауданының егіс алқабы 208,8 мың гектарды құрады, өткен жылмен салыстырғанда өнімдірек. Дәнді дақылдар 17,3 гектар, бүгінгі таңда шамамен 138 мың тонна астық бастырылды. Болжам бойынша жалпы 160-170 мың тонна өнім жиналуы тиіс. Ал майлы дақылдар алқабы 20 мың гектарға ұлғайып, 60 мың гектарға жетті. Егін орағына 280-нен астам техника іске қосылған, оның ішінде 23 механикаландырылған қырман және 14 астық кептіргіш жұмыс істеуде.
«Баужанова З.Г.» шаруа қожа-лығының басшысы Евгений Баужанов өнімділік шамамен 25 ц/га құрай-тынын және шаруашылық техника паркін жаңартуға және сыйымдылығы 10 мың тонна заманауи қойма салуға 150 млн теңге инвестиция салынғанын айтты.
Сонымен қатар, Прииртышск ауылындағы «Неупокоев В.И.» шаруа қожалығында тағы бір механикаландырылған қырман қолданысқа енгізілді. 2600 тонна астық сақтауға арналған нысанда қуаттылығы тәулігіне 50 тонна заманауи кептіру қондырғысы орнатылған. Ол өнім шығынын азайтып, нарықтағы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, аймақ басшысы Прииртышск ауылының тұрғында-рымен кездесіп, олар соңғы жылдары жол салынып, адамдар жұмыспен қамтамасыз етіліп, мәдени орта-лықтардың жаңарғанына, өмір сүру жағдайы жақсарғанына ризашы-лығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазандықтардың жылуы әрбір үйге орнатылып, медицина қызметкерлерінің саны артсын деген ниеттерімен бөлісті.
– Железин ауданы облыстың азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетіне айтарлықтай үлес қосып отыр. Диқандардың еңбегі тұрақты нәтиже беруі үшін, ал ауыл тұрғындары күнделікті өмірде нақты өзгерістерді байқау үшін барлық жағдайды жасау – біздің міндетіміз, – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Аймақ басшысы Тереңкөл аудан-ындағы 2014 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «Ет бастау» ЖШС бүгінгі таңдағы өнімділігімен және алдағы жоспарларымен танысты. Кәсіпорын өнімі тек өңір бойынша таралмай, еліміздің басқа аймақтарына да жеткізіледі.
Аталмыш кәсіпорынның жеке зертханасы, мемлекеттік меке-мелерге сенімді жеткізуші ретінде мүмкіндік беретін сапа сертификаттары да бар. Шаруа қожалығында жұмыс істейтін цех ірі қара мал мен жылқының етті тұқымын өсірумен айналысады. Фермерлер заманауи технологияларды енгізіп, жаңа жоба-ларды іске асыруға әрдайым дайын.
– Біздің етті балабақша, аурухана, мектеп асханалары алады. Қазір ҚҚС қосылған бір килограмм ет бағасы 3000 теңгені құрайды. Құнын тұрақты деңгейде ұстауға тырысамыз және сапасына зор мән береміз. Санитарлық норма мен стандартқа сәйкес тоңазытқыш камералары бар. Болашақта қаланың бір шетінде цех ашу жоспарлануда. Мал азығын өндіріп, ет бағытын дамытатындай қолайлы аймақ бар. Онда бұқтырылған ет, паста және басқа да өнімдерді шығарамыз, – деді кәсіпорын жетекшісі Жанна Сұлтанова.
Ал Қызыл таң ауылындағы мәде-ниеттің өркендеуіне үлес қосатын орталықтың жұмысы қызу. Мұнда ауыл тұрғындарынан құралған ансамбль, мектеп оқушыларына арналған спорт ойындары, би, домбыра үйірмелері, сондай-ақ жақында ұлттық дәстүрді дәріптейтін «Он саусақ» қолөнер сабағы ашылған. Сондай-ақ, соңғы екі жылда аудандық және облыстық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген футбол командалары ауыл атын шығаруда.
Сонымен қатар, 400 тұрғыны бар ауылда 240 адамға арналған заманауи тұрғыда салынған тойхана бар. Қазіргі таңда көршілес ауылдар да еске алу, үйлену той шараларын «Бақыт» атты мейрамханада өткізеді.
Салтанат ҒАББАС.
Железин және Тереңкөл аудандары.
Суреттерді түсірген – Константин Шелков.