«Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Қараоба ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сот шешіміне сәйкес (2023 жылғы 16 қарашадағы) «Алтын жаңбыр — Золотой дождь» кәсіпорны мемлекеттік сатып алу саласында жосықсыз жеткізуші деп танылып, тиісті реестрге енгізілді.

Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін аудандық бюджеттен 26,3 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде 18,5 млн теңге әкімшілік ғимараттың қоршауын орнатуға, жарықтандыру және аумақты абаттандыруға бағытталған. Аталған жұмыстар бойынша «AA-Building» кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде. Тиісті жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Одан бөлек, Қараоба ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «NamysStroy» мердігері 68,3 млн теңгеге орындады.

А.БОРАНБАЕВА.