Ауданда Октябрьск ауылында 12 көше бар. Биыл бұл көшелердің бірі де қалдырылмай жарықтандырылмақ.

Октябрьск ауылдық округінің әкімі Әлия Мукурованың айтуынша, мердігер фирма анықталған. Жарықтандыруға қажетті 90 баған және 154 жарықшам орнатылмақ. Конкурсты ұтып алған «Строй Гарант» ЖШС маусымның 20-сында іске кіріспек. Он күнде ауылды жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтауға уәде беріп отырған көрінеді. Жарықтандыру жобасына облыстық қазынадан 54 млн 926 мың теңге бөлінген.

Г.МАҒЖАН.