Баянауыл ауданында дала өрті шыққаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Мұндай тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар үздіксіз жалғасуда. Мамандардың айтуынша, көктем келіп, күн жылынған сәтте орманды өңір-лерде өрт шығу қаупі жоғарылайды.
Өрттен сақтану мақсатында ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындары, шаруа қожалықтарының басшылары және диқандармен кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, жуырда аудан әкімінің орынбасары Е.Арыстанбеков және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Қожайбердиев Ұзынбұлақ, Сәтбаев, Жаңажол ауылдық округтеріне арнайы барып, өрттің алдын алу және одан сақтану шаралары бойынша кездесулер өткізді. Жиын барысында құрғақ шөпті жағуға болмайтындығы, егістік пен жайылым маңындағы аумақтарды жырту керектігі, ауыл шаруашылығы техникасын өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау, тілсіз жау орын алған жағдайда жасалатын алғашқы әрекеттер жайлы түсіндірілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай бөлімінің мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша арнайы әзірленген жадынамалар таратып, көпті мазалаған сауалдарға жауап берді.
Н.АҚЫТЕГІ.