қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тіл» атты аудандық байқауы өтті.
Аталмыш байқаудың мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру.
Байқауға ауданның мемлекеттік қызмет-шілерінен құралған 4 команда қатысып, өзара бақ сынады. Бірінші кезеңде қатысушылар өз топтарын таныстырды. Кезекті «Аламан» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінен, тарихынан, ұлттық құндылықтары мен мәдениетінен және мемлекеттік тілге байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталатын үшінші кезеңде түрлі жағдайға қатысты сұрақтар беріліп, қатысушыларға сол жағдайларды сахналық қойылым ретінде көрсету міндеттелді. Шешуші «Ұтқыр ой алаңы» кезеңінде «Бұл палата мемлекеттік тілді дамытудың механизмін ұсынады» тақырыбы бойынша пікірталасқа түсті.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен ауылдық округ әкім-діктерінен құралған команда ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Аумақтық органдар тобы жүлделі үшінші орынды қанағат тұтса, жергілікті атқарушы органдардың командасы екінші орынды иеленді. Ал барлық кезеңде өздерін үздіктер қатарынан көрсете алған Ақтоғай аудандық әкімдігі мен мәслихатынан құралған «Бүркіттер» командасы байқаудың жеңімпазы атанды. Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен және арнайы мадақтамалармен
марапатталды.
Өз тілшіміз.