Ауданда «Мектепке – тағзым» акциясына белсенді қатысып, білім ордасына сый-сыяпат жасап жатқан түлек көп.
Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Бекмұрат Уахатов атындағы мектепті осыдан 30 жыл бұрын бітірген 1994 жылғы түлектер акция шеңберінде оқушыларға киім ілгіш сыйлаған. Ал 1995 жылғы түлектер ұстаздарына алғыс білдіріп, балалардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін армрестлингке арналған үстел, іс-шаралар мен мерекелерде қолданылатын интернетке қосылатын колонкаларды сыйға тартты. Бұдан бөлек, мектепті 45 жыл бұрын бітірген 1963 жылғы түлектер музыкалық орталықты сыйлады. Түлектердің мұндай құрметі оқушыларға үлгі болары сөзсіз. Ұстаздар қауымы білім ордасын ұмытпаған түлектерге ризашылықтарын білдірді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.