Ауданда түн уақытында балалардың жалғыз жүруінің алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Майқоңыр ауылында өткен рейдке полиция бөлімінің қызметкерлері, жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары мен ұстаздар қауымы қатысты. Мамандар жасөспірімдермен кездесіп, қауіпсіздік мәселесін сөз етті.
— Жаз мезгілінде түнгі сағат 22.00-ден кейін көшеде жалғыз жүретін жасөспірімдер болады. 18 жасқа толмағандар үлкендердің қарауынсыз мұндай уақытта далаға шықпауы тиіс. Қоғамдық орында үлкендердің қарауынсыз жүріп, бұзақылық жасайтын балалар болады. Сондықтан ата-аналардың жауапкершілігін күшейту мақсатында рейд ұйымдастырып, әңгіме жүргізілді, — дейді аудандық полиция бөлімінің мамандары.
Атап өтерлігі, профилактикалық шара ауданның барлық ауылында өткізілуде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.