Шарбақты бағытындағы республикалық маңызы бар «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-6 шақырымын (жалпы ұзындығы 5,4 шақырымы) жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Сондай-ақ, жалпы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту үшін маңызы зор кірме жолдарға да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Заборовка, Арбиген және Шегірен ауылдарына үш кіреберіс жолда орташа, Шарбақты ауылына кіреберіс жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, Шарбақты ауданында 16 шақырым ауылішілік көшелерге асфальт төселді, оның 6,5 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Одан бөлек, аудан орталығында күрделі жөндеу жұмыстары бірінші, екінші шағын аудандарда және 8 наурыз көшесінде жүргізілді. Шарбақты ауылындағы 9 Май және Южная көшелерінде кентішілік жолдар ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Орловка ауылында Жеңіс, Восточная, Западная көшелері, Победа көшесінен «Молочный товар» фермасы көшесіне дейінгі өтпе жол, Алексеевка ауылында Алексеевка, Первомайская және Молодежная көшелері, Хмельницкое көшесінің қиылысы, Шегірен ауылында Абай, Терешкова, Тың, Кеңес жолдары асфальтталған.

Айта кетейік, биыл ауданда жоспар бойынша 44 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Аудандық маңызы бар жолдардан екі нысан қамтылды.

 

Өз тілшіміз.