Тұрғындар игілігіне берілді

Қыр 4, 2025

Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында балаларға арналған мерекелік шаралар өткізетін кешен мен ардагерлерге арналған мемориалдық тақтайша салтанатты түрде ашылды. Бұл шара ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық патриоттық бастаманың айқын көрінісі болды.

Аталған игі істің басы-қасында болып, идеяны жүзеге асыруға мұрындық болған – осы ауылдың тумасы, ауған соғысының ардагері Махмет Қатайұлы. Сондай-ақ, қаржылай қолдау көрсетіп, ортақ іске атсалысқан Балтасап, Қарасу, Шығанақ, Жалаулы ауылдарының тұрғындары, марқұмдардың ұрпақтары және Махмет Қатайұлының қарулас достары зор үлес қосты.

Жаңа кешен мерекелік шараларды  өткізуіне жағдай жасаса, мемориалдық тақтайша ата-бабамыздың ерлігін, ардагерлердің ерен еңбегін жас ұрпаққа өнеге етеді.

А.БОРАНБАЕВА.