Ақтоғай ауданында елді мекендерді дамытудың бірнеше ауқымды жобасы жүзеге асырылуда. Мәселен, 2025 жылы Жолболды ауылдық округіне қарасты Шұға ауылында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, шағын футбол алаңы салынбақ.
Өткен жылы аудан әкімі Қаршыға Арынов Жолболды ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі барысында Шұға ауылының тұрғындары мәдениет үйі мен кітапханаға арналған ғимараттың керек екенін тілге тиек еткен еді. Бүгінде мәселе оң шешімін тауып, ғимарат сатып алынды. Алдағы уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп сараптамаға жіберілді. Сараптамадан соң жобаның бағасы анықталмақ.
Одан бөлек, аудан әкімдігі Шұға елді мекенінде жасанды жабыны бар шағын футбол алаңын орнатуға қаражат бөлуді қарастырып отыр.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.