Аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық айлы-ғына белсене қатысуда. Бұл ретте елді мекендерде «Таза fest» акциясы аясында іс-шаралар жүргізілуде.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Алма Қасымова жұртшылықты тазалық шарасына бір кісідей қатысуға шақырып, айлықтың маңыздылығын атап өтті.
— Қазір оқушылар жазғы демалыста. Енді балалар ойын алаңдары мен футбол алаңдары балаға толатыны сөзсіз. Аудан орталығында 4 балалар алаңы бар. «Таза Қазақстан» айлығы кезінде бірінші кезекте осы алаңдарда тазарту жұмыстарын жүргіздік. Қазір гүл егу шаралары жалғасуда. Шараға аудандық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері де қатысуда. Өз тарапымыздан елді мекендерде атқарылған жұмыстардың сапасын бақылап, мониторинг жүргіземіз, — дейді
Алма Жантемірқызы.
Экологиялық акцияға жастар мен балалар да атсалысып жатқанын атап өту керек. Ауыл тұрғындары аулаларды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.