Тәжірибелі мамандармен кездесті

Мам 2, 2025

Болашақ жұмысшы мамандық иелерінің теориямен қатар тәжірибені қатар алып жүргені маңызды. Келешекте еңбек етуі мүмкін жұмыс орнындағы қазіргі ахуалымен танысудың да жөні бөлек.

Осыны ескерген Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжінің басшылығы студенттерін өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірі – «Агро-даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне апарып, таныстырды.

Студенттер мұнда тәжірибелі мамандармен тілдесіп, өндіріске енгізілген жаңа технологияларды көріп қайтты. Сонымен қатар, кәсіпорында қолданылатын заманауи сауу аппараттарының жұмысына куә болды. Шаруашылықта еңбек ететін тәжірибелі мамандармен жүздесті. Мәселен, сиыр сауатын аппараттың операторы Светлана Нисс, мал маманы Петр Полянин және механизатор Александр Шот бүгінде қолданылатын жаңа технологиялардың қыр-сырымен бөлісті.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.