Техникалық мамандық бойынша білім алатын аудан студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп, алған білімдерін іс жүзінде бекітуде.
Нақтысы, ауданның аграрлық-техникалық колледжінде дәнекерлеу ісі бойынша 3-курста білім алып жатқан жастар кәсіпорындарда тәжірибелі тәлімгерлерден сабақ алуда. Олар заманауи жабдықтарды қолдана отырып, дәнекерлеудің түрлерін меңгеруде. Теориялық тұрғыдан алған білімдерін тәжірибе арқылы бекітіп, болашақта ауданның жұмысшы мамандықтар қатарын толықтырмақ. Білікті тәлімгерлердің көмегімен кәсіби дағдыларын арттырып, ертеңгі еңбек жолында қиналмас үшін қазірден бастап білімдерін шыңдауда.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.