Ақсу қаласында отбасының цифрлық картасындағы мәлімет-терді жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Таяуда өткен қалалық штаб отырысында осы картадағы деректерді өзектендіру мен халықты міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері қаралды.
Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманованың төрағалығымен өткен жиын барысында «Отбасының цифрлық картасына» қатысты мәселелер жан-жақты қаралды. Аталған ақпараттық жүйені пайдалану мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсетуге және қолдауға мұқтаж отбасыларды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан оны дер кезінде жаңартудың маңызы зор.
Сонымен қатар, отырыс барысында медициналық сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ол тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтіп, сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті сақтандырылмаған азаматтарды анықтауға да көп көңіл бөлу тапсырылды.
Өз тілшіміз.
Ақсу қаласы.
