Май ауданында шөп шабу науқаны қызу жүргізілуде. Аудан бойынша мал азығын дайындаудың негізгі бөлігі Ертіс өзенінің шабындық жерінде өтуде. Аталған жұмыстарға 180 техника мен қосалқы жабдықтар жұмылдырылуда.
Биыл шабындықтардың жоспарланған ауданы 73,7 мың гектарды құрады. Оның ішінде тоғай шөбі 40,3 мың гектарға, жайылым 33,4 мың гектарға жуықтайды.
Бүгінгі күні жалпы 63 мың гектар шөп шабылды. Одан 58,8 мың тонна мал азығы дайындалып, 25 мың тоннасы тасымалданды. Мал азығын дайындауға 180 техника мен қосалқы жабдықтар жұмылдырылды. Жалпы аудан бойынша 76 қыстақ орындары бар. Оның 26-ы Ақшиман ауылдық округіне тиесілі.
А.БОРАНБАЕВА.