Аққулы ауданы бойынша шөп шабу науқаны қарқынды жүргізілуде. Бекітілген жоспар бойынша биыл 123 мың гектар аумақ шабылады. Қазіргі уақытта жоспар асыра орындалып, 129 мың 800 гектар шабындық жер орылды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, биыл тоғайдағы шөптің түсімі гектарына 25 центнерді құраса, қырдағы шөптің түсімі әр гектарына 9,8 центнерге тең. Бүгінде шамамен 150 880 тонна жем-шөп дайындалды. Оның ішінде жайылымда 40 мың 440 тонна мал азығы әзірленді. Шөп шабу науқанына барлығы 296 шаруа қожалығы жұмылдырылды. 356 бірлік трактор жұмыс істеді. Бүгінге дейін аудан бойынша 89 мың 650 тонна шөп дайындалса, оның 8 мың 200 тоннасы жайылымнан әзірленді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шөп орамдарын да дайындауда. Бұл ретте мал азығы аймағымыздың өзге аудандарына, көршілес облыстарға жөнелтіледі. Қазіргі уақытта шалғындық 1 тонна шөптің орташа құны — 12 мың 500 теңге, далалық 1 тонна шөптің бағасы 17 мың теңге тұрады. 200 келі бір шөп орамасы 3 мың теңге, 300 келі бір шөп орамасы 4 мың теңгеден сатылады.
Күзгі жиын-терім, қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу үшін 514 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бүгінде 243,5 тоннаға келісімшарт жасалды.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.