Аудан әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларына арналған жыл сайынғы аграрлық кеңес өтті.
Шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің аумақтық инспекциясының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан фермерлері одағының өкілдері және ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.
Кеңесте тұқыммен, жанар-жағармай материалдарымен, тыңайтқыштармен және техникамен қамтамасыз ету, сондай-ақ субсидиялау және несиелендіру ережелеріне енгізілген өзгерістер мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, суару, өсімдіктерді қорғау және озық агротехнологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығының өкілдері өздерінің өзекті сұрақтарын қойып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша толық түсініктемелер алды.
А.БОРАНБАЕВА.