Шаруашылықта жұмыс атқарды

Қаз 16, 2025

Ақтоғай ауданындағы аграрлы-техникалық колледж жергілікті шаруа қожалықтарымен бірлесіп, білікті мамандар даярлау жолында еңбек етуде. Таяуда бұл кәсіптік-техникалық оқу орнында еңбек семестрінің қорытындысы шығарылды.

Аталмыш колледж «Ақтоғай-Агро», «Ақтоғай Милк» және «Agro-Terra» серіктестіктерімен бірлесе отырып, дуалды оқыту жүйесін табысты жүзеге асырып келеді. Еңбек семестрі аясында 4 бағыт бойынша 5 студенттік отряд құрылып, студенттер егіс жұмыстарына, топырақ өңдеуге және ауыл шаруа-шылығы техникасын күтіп-баптауға белсене қатысты.

Маусым қорытындысы бойынша белсенділік танытып, үздік нәтижемен көзге түскен студенттер Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім мен еңбекті қатар алып, теория мен тәжірибені ұштастыра білген жастардың жұмысы жоғары бағаланды.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Ақтоғай ауданы.