Жастар жағы жұмысшы мамандықтардың қыр-сырымен етене таныс емес. Орта білімнен кейін кәсіп таңдауға келгенде оқушылардың көпшілігі нақты бағытын айқындай алмай қиналатыны бар.
Осыны ескерген Тереңкөл ауданының мәдениет саласының мамандары 9-11-сынып оқушыларына Жұмысшы мамандықтар жылында арнайы экскурсия ұйымдастыруды жөн көріпті. Нақтысы, Алтай ауылының мәдениет үйі мен ауыл кітапханасының қызметкерлері жастарға «Вильгельм» шаруа қожалығының машина-трактор шеберханасын таныстырып, әр баланың өзінің қарым-қабілетін, қызығушылығын анықтауға мүмкіндік берді. Мәдениет үйінің маманы Т.Марьинаның айтуынша, мұнда техникаға қызмет көрсету, жөндеу, басқару бағытындағы түрлі мамандықтың қыр-сыры түсіндірілді. Кәсіби мамандар өздері таңдаған мамандық туралы оқушыларды қызықтыра, артықшылықтарын атай отырып айтып берді.
Г.МАҒЖАН.