Екібастұз қаласында шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыс-тары басталды. Дезинсекциялық шаралар үш кезең аясында атқарылады.

Биыл кеншілер қаласында қансорғыш-тардың қатарын азайту үшін жергілікті бюджеттен 88 млн теңге бөлінді. Мердігер компания тиісті жұмыстарға кірісті.

Дезинсекциялық шаралар былтырғыдай үш кезеңге бөлінбек. Алғашқысы — жертөлелерді өңдеу. Қазіргі уақытта осы бағыттағы істер жүргізілуде. Мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тексеруді де қолға алды.

Сонымен қатар, екінші кезең бойынша шаралар қолға алынды. Су айдындары, көлшіктерден сынамалар алынып жатыр. Мұнда алғашқы дернәсілдер пайда болған кезде аумақты өңдеу басталады. Үшінші кезең – қаланың сыртқы аймағын, аула ішіндегі аумақтарды тосқауылдық өңдеу.

— Өткен жылдың тәжірибесі жаман емес, бірақ жетілдіретін тұстар да бар. Былтыр жекелеген учаскелерден сары масаның көптігіне шағымдар түскен болатын. Биыл сол аумақтарды міндетті түрде ескеру керек, — деді қала әкімі Аян Бейсекин.

Барлық кезеңнің шаралары ғылыми сүйемелдеумен жүргізілетінін атап өткен жөн.

 Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.