Ауданда шыбын-шіркейге қарсы дезин-секциялық жұмыстар барлық ауылда кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бұл ретте аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат жүктеліп, тұрғындарға күн сайын есеп берілуде. Барлық жұмыс ғылыми топтың, тарсырыс берушілердің, мердігерлер мен экономиканың нақты сектор бөлімі қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілуде. Қансорғыштарға қарсы күресте химиялық, биологиялық препараттар қолданылуда. Бүгінде елді мекендерде шыбын-шіркейге қарсы «дымқыл тұманмен» тосқауылды өңдеу жалғасуда. Жақында Иса Байзақов, Луговое және Северное ауылдарында химиялық өңдеу жүргізілді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.