Ауданда шөп шабу науқанына дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ, мал азығының сатылуының өзіндік құнына талдау жүргізілді.

Бұл мәселе облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының басшысы Марат Ақтаев пен жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтардың ауданға жұмыс сапары барысында талқыланды. Кеңес барысында шабындық жерлерді аралап, шөптің шығымын көріп, ауданда жүріп жатқан шөп шабу науқанымен танысты.

Кездесу барысында Марат Қамзаұлы Үкімет және облыс әкімі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы ақпарат беріп, көтерілген сұрақтарға жауап берді.

Бүгінде аудан бойынша шөп дайындау науқанына 832 мың тонна арзандатылған жанармай алуға 53 шаруа қожалығы өз өтінімдерін жолдады.

А.БОРАНБАЕВА.