Экологиялық эстафета

Мау 5, 2025

Тереңкөлдік жастар табиғатқа қамқорлық танытуды, айналада тазалық сақтауды азаматтық парызы санайды. Осы ретте, «Алдаспан» жастар орталығы өзге мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, Тереңкөл ауылындағы балалар алаңдарын қоқыстан тазартты.

Жастар бүгінгі экологтар күні қарсаңында экологиялық эстафета өткізуді жөн көрген. Олар орталық кітапхана мамандарымен бірге «Айналайын» балалар алаңын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар, орталық жастары Тезекбаев, Қ.Оспанова, Жанқарина, Тәуелсіздік көшелеріндегі балалар алаңдарында шашылған қоқыс-тарды теріп, сыртқа шығарған. Олар
30 қаптан астам қоқыс жинаған. Жастар ғаламшардың болашағы бүгінгі ұрпақ қолында екенін еске салды. Көпшілікті ағаш отырғызып, өздері тұратын елді мекенді тазалауға атсалысуға шақырды. Пластикалық заттардан бас тартып, барынша экологиялық таза бұйымдарды тұтынуға көшуге кеңес берді.

Г.МАҒЖАН.