Жалаулы ауылдық округіне қарасты Балтасап елді мекенінде келесі жылы 540,2 млн теңге сомаға орталық су құбырының құрылысы жүргізілмек. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданды. Мақұлданған жағдайда келесі жылы құрылыс басталады.

Одан бөлек, аталған ауылда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында Балтасап ауылында медициналық пункттің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы салынбақ. Ал  2026 жылы Жалаулы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, аталған елді мекеннің ауылішілік жолдары орташа жөндеуден өтпек.

 

А.БОРАНБАЕВА.