Ауданда кәсіп ашқан қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Жуырда  ауданға Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Құрметті меймандар елді мекенде кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдердің жұмысымен танысып, бизнес ашуға қызығушылық танытып отырған қыз-келіншектерге кеңес берді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанованың айтуынша, биыл іскер әйелдер қатарына 20 адам енген.

— Ауданда кәсіп бастаған қыз-келіншектердің саны жыл сайын артып келеді. Биыл 20 әйел кәсіпкер атанды. Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалымен бір жыл көлемінде тығыз жұмыс істеп келеміз. Оның құрамында ауданымыздың да қыз-келіншектері бар. Мамандар кәсіпте табысқа жеткен жандар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Қауымдастық өкілдері дүкен, асхана, қолөнер бұйымдары мен сүт өнімдерін өндірумен айналысып отырған әйелдердің жұмысымен танысты, — дейді Жаннұр Данабекқызы.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.