Қожамжар ауылындағы мәдениет үйінің қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін қазандықтың тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз деп танылған болатын.
Жуырда Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Қожамжар ауылына барды. Сапар барысында елді мекендегі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, жергілікті жағажайда болып, оның аумағын тазарту мен құм төгу жұмыстарын жүргізу барысымен танысты.
Айта кетейік, осы жылы Ақтоғай ауданының аумағы арқылы өтетін Атамекен-Ертіс-Русская Поляна республикалық маңызы бар автожолының учаскелерінде жалпы ұзындығы 33 шақырым, оның ішінде 104-117 км (13 км) кесіндісінде орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстарды орындау шарты «АЗА» мердігерлік ұйымымен жасалды. Қазіргі уақытта жол жөндеуге қажет материалдар жеткізілуде. Мамыр айының соңында басталған жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланған.
А.БОРАНБАЕВА.